Оны іздестіру жұмыстары он күннен бері жүргізіліп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздеу тобының мәліметінше, ағайынды Вячеслав (03.09.1970 ж.т.) және Николай (10.09. 1973 ж.т.) Лукьянцевтер 10 қазан күні Солнечный ауылынан LADA Niva көлігімен аңға шыққан. Олар өздерімен бірге резеңке қайықты алған. 14 қазаннан бастап ер адамдармен байланыс үзілген – телефондары өшірулі.
18 қазан күні ағайындылардың көлігі мен қайығы табылып, көлдердің бірінен Николай Лукьянцевтің денесі анықталды.
Қазіргі уақытта Вячеслав Лукьянцевті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. «VITA» іздеу тобы расталмаған ақпарат таратпауға және іздеуге көмектесіп жүргендердің барлығына алғыс білдіреді.