Гонконгте жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге құлады

Фото: SCMP

Полиция Emirates жүк ұшағы Гонконг халықаралық әуежайына қону кезінде көлікке соқтығысқан деп хабарлады. Солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Бұл туралы SCMP агенттігі жариялады.
Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең Гонконг халықаралық әуежайының солтүстік ұшып-қону жолағынан шығып кеткен жүк ұшағы көлікпен соқтығысып, теңізге құлаған. Оқыс оқиға кезінде екі адам қаза тапты.

Дубайдан шыққан Emirates EK9788 рейсі шамамен таңғы сағат 3:50–де қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Boeing 747 жүк ұшағы дер кезінде тоқтай алмай қалған. 

Бастапқыда көліктегі екі ер адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін 30 жастағы ер адамның қайтыс болғаны, екіншісі, 41 жастағы азамат Солтүстік Лантау ауруханасына жеткізілгені хабарланды. Алайда, ол да Ганконг уақытымен таңғы сағат 6:26–да қайтыс болды.

Ұшақтағы 4 экипаж мүшесі де зардап шеккен жоқ. Оқиға салдарынан әуежайдың солтүстік ұшып-қону жолағы уақытша жабылды.