Алматыда «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары арасындағы матч өтуіне орай қауіпсіздік шаралары күшейтілді,- деп хабарлайды Astana TV.
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, трибуналардағы тәртіпті бақылау және стадион маңындағы жол қозғалысын реттеу бағыттарында толық құрамда жұмыс істейді.
Футбол матчы кезінде көлік қозғалыс жартылай шектелуі мүмкін. Ведомство өкілдері сол себепті тұрғындар мен жанкүйерлерге бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарауды ескертті.
- Алматы полициясы футбол кешінің тыныш әрі жайлы өтуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр. Қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына емес, азаматтардың өз жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен ынтымақтастық танытуды сұраймыз, - деді Алматы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.