Су тарифтері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып белгіленеді

фото: pixabay

Елімізде енгізілген ережелерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар халық үшін ауыз су тарифтерін дербес белгілейді. Оның мөлшері тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика бойынша орташа тариф шегінде болуға тиіс.

Су кодексіне сәйкес, мәслихаттарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне және сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерге қарай ауыз судың 1 текше метріне төлем мөлшерін реттеуге рұқсат етіледі.

«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар халық үшін төлем мөлшерін айқындау жұмыстарын жүргізуде», — деді ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Оның айтуынша, бір адамға тәулігіне 140 литр көлемінде су тұтыну нормасы бекітілді, ал одан асып кеткен жағдайда, тұтынушы артық көлем үшін 30% жоғары мөлшерлемемен төлейді.