Өмір үшін интеграция: дәрігерлер бірқатар сәтті операция жасады

 Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Өзбекстанда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ командасы басшы Рүстем Төлеутаевтың басшылығымен Ферғана, Нүкіс және Ташкент қалаларында бірқатар жоғары технологиялық операциялар жүргізді,-деп хабарлайды Astana TV.

Миссия заманауи қазақстан медицинасының үздік жетістіктерін көрсеткен жетекші кардиохирургтарды, аритмологтарды, эндокринологтарды, эндоскопист-мамандарды біріктірді.

«Біздің елдеріміз адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, инновацияларды енгізуге және азаматтарымыздың болашағы үшін тәжірибе алмасуға деген ортақ ұмтылысты біріктіреді», -деп атап өтті Р.Төлеутаев.

 Ташкенттегі Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-практикалық орталығында интервенциялық аритмолог Асылхан Паримбеков кардиостимуляторларды орнатудан бастап жүрекшелер фибрилляциясы кезіндегі криоабляцияға дейінгі жүрек ырғағын түзету бойынша араласулардың толық спектрін көрсете отырып, мастер-класс өткізді.

Ферғана қаласында мақсат Жақаевтың жетекшілігімен кардиохирургтар тобы ауыр кемістіктері бар егде жастағы пациенттердің жүрегіне, соның ішінде митралдық қақпақшаны протездеу және шунттау бойынша операция жасады. Өзбек әріптестер үшін оқыту дәрістері мен консультациялар өткізілді.

Ташкентте, Ұлттық медициналық орталықта миокардтың обструктивті гипертрофиясына күрделі операция жасалды және перфузиология - жүрек — өкпе айналымына байланысты бағыт бойынша мастер-класс өткізілді.

 Рентгенэндоваскулярлық оперблоктың меңгерушісі Алексей Колексников тамырішілік ультрадыбысты (ТІУДЗ) және кальциленген зақымдануларды ротабляциялауды қолдана отырып, 9 жоғары технологиялық операция жасады.

 «Қазақстан-Өзбекстан: денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар саласындағы ынтымақтастық» форумы шеңберінде КІАҒЗИ мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық медициналық орталығының арасында екіжақты Меморандумға қол қойылды.