Шығын 11 млн теңге: мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады,-деп хабарлайды Astana TV.

Күдіктілер ұрланған малды далада орналасқан арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен, ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан.

Қазіргі уақытта полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді.

Күдіктілер қамауға алынды.

-Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады, — деп хабарлады ІІМ.