eGov пен Aitu платформалары барлық мемлекеттік сервистерді біріктіреді

Енді eGov пен Aitu платформалары SuperApp қағидаты бойынша барлық мемлекеттік сервистерді біріктіреді. Нәтижесінде халыққа қызмет көрсету жеңілдеп, қауіпсіздігі де арта түспек. Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық ететін Цифрлық штаб, Alem.cloud суперкомпьютерінің қуатын пайдалану тәртібін де бекітті. Есептеу ресурсына Ғылым, білім, денсаулық сақтау сияқты салалар оңай қол жеткізе алады. Ал Astana Hub технопаркінде IT-қызметтер ауқымы кеңейді. Онда киберспорт, мультимедиа, ойын дизайны және бизнес-процестерді аутсорсинг жасау сынды салалар бар.