Атом энергетикасын дамыту – Қазақстанның стратегиялық мақсаты. Елде атом электр станциясын салуға дайындықтың маңызды кезеңі басталды. Осыған орай, елордада атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қатысуымен, құрылыстың басталуы қауіпсіздің ережелері жөнінде талқылау өтті. Халықаралық сарапшылар Қазақстанға әдістемелік сүйемелдеу, нормативтік базаны жетілдіру және кадр даярлау бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жобаны іске асыруда ұлттық институционалдық әлеуетті қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін дамыту – басты назарда.
ГҮЛМИРА МҰРСАЛОВА, ҚР АЭА ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ:
Қазіргі уақыттан бастап Қазақстан Атом Электр станцияларында қалай жұмыс істеу керек, қандай щараларды қабылдау керек екенін қазірден бастап, осындай МАГАТЭ-нің сарапшыларының кеңестерін алуға шақырдық