Жамбыл облысында мектеп оқушысы досын атып өлтірді

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2025

Жамбыл облысында мектеп оқушысы абайсызда досын атып өлтірді. 13 жастағы жеткіншек мылтықтарын алып, түнделетіп аң аулауға шыққан. Оқиға Мойынқұм ауданынының Көшаман ауылында болған. 2012 жылы туған екі достың бірі қоянды атып, жаралаған. Құлаған қоянға ұмтылғанда, жаралы аң атып тұрып жанталаса жүгіре жөнелген. Сол сәтте қашқан қоянды атамын деген екінші бала байқаусызда досын атып жіберген. Қазір іс толық тексеріліп жатыр. Ал, атыс қаруын қолжетімді жерге қойып, түнгі уақытта кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырып, тиісті міндеттерін орындамағандары үшін ата-аналарды да жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады дейді құзырлылар.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге деректер жария етілмейді.