Алматыда ер адам интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге барып, алаяқтардың құрбанына айналды. Полицияның мәліметінше, жәбірленуші танысу сайттарының бірінде өзіне ұнаған қызбен хат алмасып, кездесуге келіскен. Қыз жалға алынған пәтерде жолығуды ұсыныпты. Алайда ер адам пәтерге келген сәтте бөлмеге үш ер адам кіріп келген. Олар өздерін қыздың ағалары ретінде таныстырып, қыздың кәмелетке толмағанын айтып, қорқыту арқылы жәбірленушінің бағалы заттарын тартып алған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІІ:
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.