Ауыз су бағасы арзандайды. Кейбір өңірлерде тіршілік нәрінің тарифі халық үшін тым жоғары. Мәселен, қалада 1 текше метр судың орташа бағасы – 100 теңге болса, ал ауылдарда 5 000 теңгеге дейін жетеді. Бұл мәселені шешу үшін Министрлік тиісті шаралар қабылдап жатырмыз дейді. Бұл- Мемлекет басшысының тапсырмасы. Енді халықты ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарын кешіктірген басшылар жауапқа тартылады.
БАҚЫТЖАН ЖҮНІСБЕКОВ, ҚР ӨҚМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Халықты сапалы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етумен қатар мемлекет тарапынан ауыз судың құнын арзандату бағытында халықты қолдау жөнінде шаралар қабылдануда. Су кодексіне сәйкес сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлерінің бірі сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялау болып табылады.