Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарында 79 спортшы ел намысын қорғайды

2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Токиода өтетін XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар 8 спорт түрінен қатысады. Оның ішінде жеңіл атлетика, дзюдо, таэквондо, үстел теннисі, бадминтон, жүзу, еркін және грек-рим күресі.

«Бұл бәсекелі спорт түрлері, отандық құрама бізді жақсы нәтижелермен қуантады деп үміттенеміз», – деді ҚР Спорт және дене шынықтыру комитетінің мүмкіндikтерi шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Марат Қасқырбаев.


Оның мәліметтері бойынша, елде есту қабілеті бұзылған 30 мыңға жуық адам бар. Олардың 15 мыңға жуығы спортпен шұғылданады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 олимпиадалық спорт түрі дамып келеді.