Қызылордада құрылыс саласына бөлінетін қаражат соңғы 3 жылда 5 есе артқан. Яғни 2022 жылы 24 млрд теңге шамасында болса, биыл 166 млрд теңгеден асқан. Бұл аймақтың құрылыс саласының дауына ғана емес, экономикасының өркендеуіне сеп болып отыр дейді мамандар.
Соңғы жылдары құрылыс қарқыны ерекше. Облыс орталығы мен аудандарда жаңа мектептер, ауруханалар, рухани орталықтар бой көтерді. Қаланың сол жағалуынан 11 мың орындық «Қайсар Арена» стадионы көпшілікке есігін айқара ашты. Бұл заманауи спорттық инфрақұрылымның бірі болып табылады. Онда футбол мачтарын ғана емес, мәдени-спорттық шаралар өткізуге де мүмкіндік жасалған. Бұл бастамаларға тұрғындар да дән риза.
БЛИЦ:
- Бір жыл басқа қалада тұрып келдім. Сол 1 жылда өзімнің қаламның өзгергеніне таңқалып қалдым. Сол жағалауда муз колледж салынған және теннис клуб, сонымен қатар стадион салынған. Мен өте қуаныштымын өзімнің қаламның осылай дамығанына
- Құрылыстың қарқыны жүргені қаншама жұмыссыз адамдарға жұмыс көзі бір жағынан қазір қаншама қажеттіліктер көп қой. Соның орнын толтырып жатыр. Мысалы, аурухана. Қай жаққа қарсаң да кезек. Көбею арқылы сол мәселелер шетінен шетіліп жатыр.
- Көшенің барлығы таза, қаламыз өсіп-өркенеп келе жатыр. Соған ризамыз.
3 жылда облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен 103 нысан бой көтерген. 2023-2024 жыладары 5 мыңнан аса пәтер кілті табысталған. Биыл тағы 3 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Аймақтың осындай қарқынмен дамуы – елдің тұрақты өсімінің айқын көрінісі. Ал құрылыс ел экономикасын жетелеуші күш дейді мамандар.
ЕРЛАН ТӨРӘЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша 2 жыл қатарымен республика бойынша бірінші орындамыз. Өте үлкен көрсеткіш. Тек қана құрылыс емес, оның жан-жағында басқа да жұмыстар бар. компания, құрылыс заттары бар. жеткізу, тасымалдау, техникалар. Соның барлығын қосқанда құрылыс экономиканың негізгі локомативі. Құрылыс жақсы болса, экономика да жақсы дамиды.
Экономикалық өсімнің басты тірегі - инвестиция. Биыл 600 млрд теңгеден аса инвестиция тарту жоспарланған. Қазір ол кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Нәтижесінде, Қызылорда өңірлер арасынан алғашқы орында тұр.