Премьер-Министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2028 жылға дейін елдегі ірі қара малдың 90 пайызын RFID-белгілер және жасанды интеллект негізіндегі мониторинг жүйелері арқылы таңбалау жоспарланып отыр.
Оның сөзінше, аграрлық секторды цифрландыру Қазақстанда өнімділікті 20–25%-ға арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.