Жамбыл облысында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Teң мүмкіндіктер» атты спорттық фестиваль өтті. Оған жалпы білім беретін және арнайы мектептерден келген 3–8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. «Бочча» ойыны, «Біз жеңімпаз боламыз», «Жеңіл атлетика» бойынша балалар бақ сынады. Қатысушылар жас ерекшеліктері мен физикалық мүмкіндіктеріне қарай кіші, орта және жоғары жас тобы болып үшке бөлінген. Жарысқа 36 командадан 108 спортшы қатысты. Игі шара ерекше балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың өз әлеуетін ашуға, жаңа достар табуға және қоғаммен байланысын нығайтуға зор мүмкіндік берді.
ӘЛМАХАН ЖАНАЛИ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Тараз қаласының намысын жібермеймін. Осы истафетада жеңіс алып келемін. Футболдан Түркістанға түрлі түрлі қалаларға олардың аттары есімнен шығып кетті.
Қостанайда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында инклюзивті спорт фестивалі өтті. Облыстық іріктеу кезеңіне жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Спорт фестивалінің межелі мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау және оларды қоғамдық ортаға бейімдеу, дейді ұйымдастырушылар. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Қостанай, Рудный және Қарабалық ауданының командасы республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.
НАУАН БАҒЫТОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
15 бала алып келдік.Үш түрінен өтетін жарыстың екі түріне қатысты. Сыныпта бір ерекше бала және екі сау бала қатысады. «Amanat» партиясына рақмет.Былтырдан бері қалмай қатысып жүрміз. Жарысқа қатысатын балалардың қарым-қатынасы тек жақсы жағынан көрінеді деп ойлаймын.