Елордалық мектепте оқушылар қайта өңделетін материалдардан бұйымдар жасап, экологиялық көрмеге ұсынды. Шара "Таза Қазақстан" акциясы аясында ұйымдастырылған. Оған мектеп оқушылары белсене қатысып, сенбілік кезінде жиналған қалдықтар мен табиғи материалдарды креативті композицияға айналдырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру және табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастыру.
ГҮЛНАР РАХИМОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ БЕЙІНДІК ОҚУ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Негізгі мақсатымыз – оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Оқушыларымызға ұлтжандылық, өздерінің жүрген жерінде тазалық сақтап. Көрме аяқталғаннан кейін көрмеге жиналған пластик заттар, қағаз, жапырақтар, мұның барлығы сұрыпталып, арнайы жәшіктерге салынады.