Олжас Бектенов Энергетика министрлігіне газ баллондарының айналымын бақылаудың нақты тетігін әзірлеуді тапсырды

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Үкімет отырысында Олжас Бектенов тұрмыстық өртпен қатар газ баллондарының жарылу жағдайлары да тіркелуде екенін атап өтті.

ТЖМ мәліметі бойынша, былтыр осындай 70-тен астам оқиға болып, шашамен 90 адам зардап шеккен. Жарылыстардың негізгі себебі – тұрмыстық баллондарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы.

Бұдан бөлек, 350 мыңға жуық тұрмыстық газ баллоны 40-50 жыл бойы пайдаланылып келеді, бұларды дереу ауыстыру қажет.
 

«Осы күнге дейін пайдалану мерзімі өтіп кеткен тұрмыстық баллондарды алып қою және кәдеге жарату тәртібі әзірленбеген. Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге газ баллондарының айналымын бақылаудың нақты тетігін әзірлеуді тапсырамын»,- деп атап өтті Олжас Бектенов.