Қазақстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігі экономикалық интеграцияның жаңа кезеңіне өтті

  • AstanaTV
  • 21 қазан 2025

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестік  инвестициялар мен инфрақұрылым арқылы экономикалық интеграцияның жаңа кезеңіне өтті. Экономикалық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам Алят портында интермодалды терминал салуды қоса алғанда, негізгі көлік-логистикалық бастамаларды қаржыландыруға арналған Sамұрық Kазына-AIH Investment Fund Ltd бірлескен инвестициялық қорын құру. Бұл жобалар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын немесе Орталық дәлізді Еуразиялық логистикалық жүйенің негізгі буындарының біріне айналдыру үшін негіз қалыптастырады.

АМИНА ҚОСБАЕВА, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЭКСПЕРТІ:

Бірлескен инвестициялық қорды іске қосу – Қазақстан мен Әзербайжанның стратегиялық курсындағы сапалы өзгерісті білдіреді. Бұл механизм ынтымақтастықтың институционалдық негізін нығайтады, яғни жобаларды бөлшектеп емес, бір орталықтан, кешенді түрде басқаруға мүмкіндік береді. Қордың басты миссиясы – Транзиттік маршруттарды және Орталық дәлізді қаржыландыру арқылы екі елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ететін негізгі логистикалық бағыттарды дамыту.

Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық аренадағы, әсіресе Түркі мемлекеттері ұйымы алаңындағы ынтымақтастығы нығайып келеді. Екі елдің өзара іс-қимылы тек екіжақты деңгеймен шектелмей, өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ететін кең ауқымды қалыптастыруда.

АМАН МАМБЕТАЛИ, САЯСАТТАНУШЫ:

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан мен Әзірбайжан түркі әлеміндегі интеграциялық процестердің негізгі бастамашылары болып табылады. Қазір бұл бастаманы басқа түркі мемлекеттерінің басшылары да қолдап отыр. Қарым-қатынастардың көпқабаттылығы күшейіп келеді, біз бұрынғы дәстүрлі салалардан бөлек, жан-жақты дамудың барлық түрін байқаймыз.