Республика күні -еліміздің береке-бірлігін нығайтатын мереке

Республика күні - еліміздің береке-бірлігін нығайтатын мереке. Халықтың азат, тәуелсіз ел болсақ деген арманының жүзеге асқан күні. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалауға басқан алғашқы қадамы. Сондықтан да үлкен маңызға ие дата жастарды Отанды сүюге, ел болашағына  жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.  

БЛИЦ:

- Ұлттық теңгеміз бар, Ата заңымыз бар олардың барлығы біздің Республикамыздың ең ерекше рәміздері. Әрбір адамның жүрегінде өзінің еліне деген сүйіспеншілігі оянады. 

- Өзіміздің ел екенімізді, егеменді жер екенімізді дәлелдейтін арнайы шекарамыз бекітілген. Теңгеміз – валютамыз ұлттық. Жаңа купюралар шығып жатыр. Бұлардың барлығы маңызды патриоттық рухты оятатын ерекше бір нышандар, белгілер ретінде қараймын.

- Өзімнің жерімде, өзімнің елімде емін-еркін жүремін. Ешқандай қорқыныш жоқ, ешкімге тәуелді емеспін. Татулы, ынтымақты елміз.