Отандық дәрігерлер кезекті жүрек трансплантациясын жасамақ

Отандық дәрігерлер кезекті жүрек трансплантациясын жасамақ. Қазір елімізде  жүрек ауыстыруды күту кезегінде 143 науқас пен 6 жасөспірім бар. Өкінішке қарай, олардың шамамен 30 пайызы жыл сайын донор табылмағандықтан көз жұмады. Сондықтан мамандар донор мәдениетін қалыптастыру керек дейді. Бүгін мамандар митральды қақпақты реконструкциялау бойынша операция жасады.

ЕРМАҒАМБЕТ ҚУАТБАЕВ, КАРДИОХИРУРГ:

Созылмалы жүректің жетіспеушілігіне байланысты болып жатқан операция. Сол үшін операциядан кейін барып, біраз уақыт оған реабилитация қажет. Жалпы енді реабилитация бәрі стандартты түрде оңалу процесі болатын болса жалпы ол науқастар операциядан кейін барып, екі жетіден кейін үйіне шығады.