Арқалықта 82 адам астан ұшынды

Арқалықта тойға барған тоқсанға жуық адам астан ұшынып,ауруханаға түсті. Қазір жиырма алты адам Жангелдин аудандық ауруханасында, тағы 56 науқас Арқалық ауруханасында ем алып жатыр.Тойхана қызметі уақытша тоқтап, жұмысшылар шеттетілді. Жаппай инфекция жұқтыру жағдайына байланысты тергеу басталды. Полиция қылмыстық іс қозғады,деп хабарлады санитарлық-індетті қадағалау департаменті. Ал денсаулық сақтау басқармасы Арқалық ауруханасында орын жетпей жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды.