Биыл Қазақстанның егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2025

Биыл Қазақстанның егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл.  1990 жыл 25 қазан еліміздің саяси ғана емес, экономикалық дербестікке ұмтылысының бастауы болды. Қазақстан өз даму жолын айқындап, нарықтық экономикаға бет бұрды. Осы уақытқа дейін ел экономикасы түрлі кезеңнен өтіп, бүгінде өңірлік көшбасшы мемлекеттер қатарына қосылды.

НҰРБОЛАТ ҚҰРМЕТҰЛЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ӨМІР САЛАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

"Егемендік туралы декларация" Қазақстанның экономикалық трансформациялауының институтционалдық іргетасы болды деп санаймын. Тәуелсіздік алғаннан кейін, шет елдік инвесторларды тарту, отандық инвесторларды тарту арқылы шикі заттық базаны иегеріп, өзінің экономикалық дербестігін нығайтты. Бізде өзіміздің ұлттық валютамыз енгізілді. Ұлттық банк пайда болды және қаржы жүйесі пайда болды. Халықаралық аренада еліміз жеке, дербес субьект ретінде қалыптасты.