Елімізде жыл соңына дейін «Келешек мектептері» жобасы аясында 217 білім ошағы ашылмақ. Жобаның мақсаты - ескі білім орындарын азайту, үш ауысымдық оқуды тоқтатып, қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жою. Жаңа білім беру ғимараттары заманауи жиһазбен, жаңа технологиямен, қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.
РОЗА СЕМБАЕВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі таңда жоспарланған мектептің 176-сын салу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстарының көпшілігі Астана мен Алматы қалаларына, Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарына тиесілі. Мектептер біртұтас стандарт бойынша салынады. Қалаларда салынатын мектептердің көпшілігі екі ауысымдық оқумен 4000 оқушыға есептелген.