Аягөз қаласында ата-аналарға оқу процесінің ерекшеліктері мен жаңа білім беру кеңістігінің мүмкіндіктері көрсетілді

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2025

Абай облысы Аягөз қаласындағы  жаңа №11 орта мектепте ашық есік күні өтті. «Келешек мектеп» бағдарламасы бойынша салынған білім ошағы 600 оқушыға арналған. «Болашақ мектебі – кедергісіз орта» атты іс-шара EduFest форматында өтіп, 100-ге жуық ата-ананы және 200-ден астам оқушы мен педагогті жинады.

EduFest кезінде мектеп кеңістігі зертханалық және практикалық алаңға айналды. Қатысушылар  жаратылыстану, математика, ағылшын тілі және еңбекке баулу пәндері бойынша ашық сабақтарға қатысып, жаңа мектептің артықшылықтарын  көрді.

АРУЖАН ҚАЛМАРАТОВА, ОҚУШЫ:

Келешек мектебі әр баланың қабілетін ашып ғылыми шығармашылыққ тұрғыдан жан жақты дамытады.Біз тек дайын ақпаратты алып қана қоймай өзіміз ізденіп зерттеп тіпті жобалар жасай аламыз.

Оқу орнында 30 пән кабинеті, 6 зертхана, спорт және акт залдары бар. Кітапхана және жайлы оқу залы да қарастырылған. Балалар бір ауысыммен оқиды. Жаңа кеңістік пен заманауи жабдықтар оқу процесін жаңартуға серпін бермек.

НҰРҒАЛИ ӘЗІМБАЕВ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін ашық есік күнін әдейі ұйымдастырып тұрмыз.Ата-аналарға оқушыларға алдын ала келіп танысу үшін.Жалпы бір ауысымда оқытылатын болады.

Мектеп оқушыларының ата-аналары барлық сыныптарды таңданыспен аралап, бұл көптен күткен арман болғанын айтты. Балалары үшін қуаныштарын білдірді.

АНАР КАМИЛХАНОВА, АТА-АНА:

Енді бұл жерде жаңа өзім көріп шыққандай,балаларымызға өте қолайлы жағдайдың барлығы жасалған. Менің өзімнің баламның осындай мектептен білім алатынына өте қуаныштымын, осы мектептен білім алған балаларымыз,болашақтары жарқын білімді ұрпақтар болсын.  

Аягөздегі жаңа мектеп жай ғана білім беру мекемесі емес, баланың қызығушылығы оянатын, мұғалім шабыт алатын және ата-ананың сенімі нығаятын кеңістікке айналды. Бұл – аймақтағы білім беруді дамытудың жаңа сапалы кезеңінің жарқын үлгісі.