Әлия музейі: батыр рухы мен заманауи технология үндестігі

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2025

Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музей қоры тың жәдігерлермен толықты. Батыр қыздың ерлігі мен өмір жолын насихаттауға бағытталған мәдени және ғылыми іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылып келеді. «Тәуелсіздік белесінде елге оралған есімдер» жобасы аясында 101-ұлттық атқыштар бригадасы мен 312-атқыштар дивизиясына қатысты тың деректер жинақталып, музей қорына енгізілді.  Әлия Молдағұлованың туыстары   отбасында қолданылған заттар мен фотосуреттерді, құжаттық материалдарды музейге сыйға тартты.  

АЙСҰЛУ ТҰРАЛИЕВА, ӘЛИЯ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жастардың сұранысына сай жаңа технологиялармен жабдықталып отыр.Атап айтсақ, 3Д бедерленген карта, Қазақстан республикасының жалпы облыстары бейнеленген. Ол QR кодтар арқылы сол облыстарда Әлияға қатысты материалдар енгізілген.