Метеорологтардың болжамы бойынша, 23-25 қазанда температура көрсеткіші айтарлықтай өзгермейді. Тек елдің батысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық, жылы, жауын-шашынсыз болады.
Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында циклон жотасының әсерінен жаңбыр жауады.
Сонымен қатар республика аумағында жел күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі.
Температуралық фонда елеулі өзгеріс болмайды.