Солтүстік Қазақстанда мамонттың сүйегі табылды

Фото: видеодан скриншот

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мамонт сүйегіне ұқсас үлкен сүйек тапты, деп хабарлайды Astana TV.

Арықбалық ауылының тұрғыны ірі сүйек фрагментін тауып алды. Бұл – өңірдегі алғашқы жағдай емес, бұған дейін де осындай қалдықтар Бәйтерек ауылы маңынан табылған болатын.

Ерекше олжаны ауыл тұрғыны Александр Колесниченко тапқан. Ол сүйекті Арықбалық ауылынан шамамен бес шақырым жерде байқап қалған.

Оның айтуынша, сүйек соншалықты үлкен, жұмыс қолғаптарынан да үлкен болған.

«Ботай» музей-қорығының мамандары олжаға қызығушылық танытып отыр. Енді сарапшылар сараптама жүргізіп, табылған қалдықтың нақты шығу тегін анықтайтын болады.