Францияда тағы бір музей тоналды

Фото: france3-regions.franceinfo.fr.

Белгісіз адамдар Франциядағы Лангр қаласында орналасқан «Дени Дидроның ағарту үйі» музейін тонап кетті. Оқиға 20 қазанға қараған түні болған, деп хабарлайды Astana TV Azattyq Rýhy сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыскерлер ғимараттың кіреберіс есігін бұзып, ішке кірген. Олар XVIII–XIX ғасырлардағы алтын және күміс монеталардың құнды коллекциясын ұрлап әкеткен. Басқа экспонаттарға зиян келмеген.

Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Францияның Ішкі істер министрлігі оқиғаға жедел әрекет етіп, елдегі барлық музейлер мен мәдени мұра нысандарында күзетті күшейту туралы шешім қабылдады.