Жол апатынан 12 адам қаза тапты

Видеодан скриншот

Бүгін Самара – Шымкент автожолының Белкопа ауылы маңында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала деректерге сәйкес, DAF жүк көлігі қарсы бағытқа шығып, жолаушылар мінген «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан,-деп хабарлайды Astana TV.

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері және «ГАЗельдегі» 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес адам түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

 Белгілі болғандай, «ГАЗель» ресми түрде Жүргенев атындағы ауылдан облыс орталығына жолаушы тасымалдаумен айналысқан.

Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, апаттың нақты себебі анықталып жатыр.