Қазақстанда жер сілкінді

фото: pixabay

Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді,-деп хабарлайды Astana TV.

«ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС-ның алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді. Қанша балл сезілгені туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

 ТЖМ ақпаратынша, Жерсілкінісі ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 км. жерде орналасқан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер дүмпуі сезілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, сейсмикалық жағдай тұрақты және қаланың инфрақұрылымына немесе тұрғындарға қауіп төнген жоқ.