Мас күйінде көлік басқарғаны үшін сотталды

Фото: pixabay.com

Бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған қала тұрғыны қайтадан мас күйінде рульге отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Сотталушы Hyundai Starex автокөлігін басқарып келе жатып, Астана–Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот үкімімен жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді.