Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.
Премьер-министр Комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін Комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.