Қарағанды облысында әрбір екінші тұрғын шағын және орта бизнес секторында жұмыс істейді. Өңір бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша елімізде екінші орында. Соңғы бірнеше жылда Қарағанды көмір бассейні ғана емес, жаңа технологияларға негізделген жаңа өнімдер шығаратын заманауи цифрлық өнеркәсіп көшбасшысына айналды. Аймақта текстильден бастап құрылыс материалдары, автобус, тұрмыстық техникаға дейін шығарылады.
Аймақтың өнеркәсіп көшбасшысы екеніне айқын мысал- Сарандағы «Сарыарқа экономикалық аймағы». Мұнда бірнеше жылдың ішінде ашылған кәсіпорындар – автобус тұрмыстық техника, шина зауыттары тұрақты дамып келеді. Өнімдері Қазақстаннан басқа алыс, жақын шетелдерге шықты. Соның негізінде өңірге тартылған инвестиция көлемі 6 есе өсіп, 5 жылда республикалық бюджетке 23 млрд теңге пайда түскен.
ЕРМЕК АЛПЫСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл кәсіпорындар өнім шығарып қана қоймай кластер қалыптастырады. Экономикалық байланыстарын өсіреді.Қарағанды көмір, шахта немесе ҚарМет- пен ғана әйгілі емес жоғарғы инновацияларға негізделген сапалы өнім шығаратын орталыққа айналып отыр.
Өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде 100 мыңнан астам кәсіп тіркелген. Оларда облыс тұрғының 46 % -ы, яғни әрбір екінші қарағандылық жұмыс істейді. Кәсіпкерлер 4 триллион теңгенің өнімін шығарған. Бизнестің дамуына мемлекеттен қыруар қаржылай қолдау көрсетілуде.
Биыл 13,7 млрд теңге субсидия берілді. Оның 10,7 млрд- ы республикалық, қалған 3 млрд- ы жергілікті бюджеттен бөлінген. Мұнымен қоса кәсіпкерлер 18,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге ие болды. 28 жоба “Кәсіпкер” бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге, тағы 14 жоба “Өрлеу” баңдарламасы бойынша 4,8 млрд теңгеге қаржыландырылған.
АСҚАР ГАЗАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесе отырып біз өз тарапымыздан мемлекеттік субсидия, жеңілдетілген несиелерді барлық салаларға беріп жатырмыз. Сонымен бірге бизнес жоспарлар жазуға көмектесеміз. Мысалы 8 айда 80 бизнес жоспар жасалып, барлығы екінші деңгейлі банктерден қаржыларын алды.
Қазіргі таңда облыстың жаңа орталығы салынып жатыр. Жаңа тұрғын үйлер, келешек мектептері, дамыту орталықтары, ауруханалар бой көтерді.Шалғай ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар ашылды.
ШЫНАР СӘБІКЕНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Тұрғын үйлер салынып жатыр жақсы.Жаңа аудандар ашылып жатыр. Онымен бірге биыл біраз көшенің жолдары жөнделді.Жайлы мектептер ашылып жатыр.
САТТАР ОШАҚБАЕВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жас ғимараттар бой көтеріп жатыр. Оның әшінде әлеуметтік салаларға, спорт саласына, фельдшерлік акушерлік пункттер биыл пайдалануға берілді. Жолдар жөнделіп жатыр.
Қазіргі мақсат- ескірген инфрақұрылымды жаңартып, қаланы жаңа стандарттарға сай көркейту. Қарағанды жан- жақты дамыған әсем қалаға айналмақ.