Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты. Арасында екі бала бар. Қайғылы оқиға бүгін «Самара–Шымкент» тас жолының Белқопа ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар мінген «Газельмен» соқтығысқан. Екі көліктің де жүргізушісі мен «Газельдегі» 10 жолаушы тіл тартпай кеткен. Тағы 5 адам түрлі жарақатпен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді, үшеуінің жағдайы ауыр. Жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Премьер-министр Комиссия жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
АСХАТ ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Оқиға орнына өзім келіп қарап шықтым. Енді орны толмас жанымызға бататын ауыр қаза. Тума-туыс, жақындарына әрине біз көңіл айтамыз. Тағы да айтайын –біз үшін ауыр қаза болды. Таңғы 8 ден кете осындай оқиға болғаннан кейін барлық тиісті мемлекеттік органдар басына келіп,өз жұмысын атқарып келеді. Енді өз тарапымыздан аурухана болсын, басқа жалпы айтқанда жанжақты көмек ұйымдастырылды. Барлық жағдай өз бақылауымда болады.