Республика күні – мемлекетіміздегі мәні терең мереке

Республика күні - елдікті нығайтатын, ұлтты ұйыстыратын ұлық мереке. Ұлттық мерекенің мәні мен маңызы тереңде, дейді тұрғындар. 25 қазан- ел үшін елеулі  күн. Ең әуелі егемендіктің негізі, елдіктің іргесі осы күні қаланды. Сондықтан ұлттық мерекенің  тарихы терең, тағылымы тұңғиық. Республика күнін ұлықтау арқылы өскелең ұрпақты өрелі бағытқа жетелеп,елін, жұртын сүйетін елжанды буын тәрбиелеуге болады, дейді қазақстандықтар.

БЛИЦ:

- Республика күні- мен үшін ең қастерлі,ұлық мереке! Өйткені бұл мемлекеттік мерекенің мәні зор,тарихы тереңде. Еліміз аман,жұртымыз тыныш, елдігіміз мәңгі болсын!

- 25 қазан Республика күні –бұл жалпы мерекелердің ең негізгісі  деп айтуға  болады еліміз үшін. Тарихтан алатын болсақ 1990 жылы алғашқы декларация қабылданған күн.Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын!

- Менің ойымша бұл енді жастар арасында елге деген сүйіспеншілікті, елге деген патриоттық сезімін оятатын мерекелердің бірі. Осындай мереке тек облыс орталығында емес, аудан, ауыл көлемінде тойлану керек деп ойлаймын.