Атырауда «Қоғам келбеті – кемел әйел» тақырыбында кейс-платформа өтті

Атырауда   республика күніне орай «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Қоғам келбеті – кемел әйел» тақырыбында кейс-платформа өтті. Әр саланың үздіктері  өз кейістерімен бөлісіп, жетістікке жету жолдарының сырын ашты. Мәселен, теміржол саласының ардагері  Нұрия Нұрымова алдымен  теміржолшылардың балаларына арналған балабақшада еңбек ете жүріп, 1989 жылы қалада алғашқы болып,  орыс тілді балабақшада қазақ тобын ашқан жан.

НҰРИЯ НҰРЫМОВА, ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Қазіргі заманда қоғамдағы әйелдердің орын ерекше. Кемел әйел деген ол тек қана қана білім мен жетістікке жетіп табыс табатын әйел емес, айналасына жылу сыйлайтын, шуақ сыйлайтын, ісі мен сөзі үйлесімді әйелдер біздің қоғамға өте керек.

АЙЖАН ҚАРАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қоғамдағы ауыр жұмысты, көзге көрінбейтін  әйелдерді ортаға шығару, тәжірибе алмасу, білім алу, бір-бірімен бір бағытта бір аранеда өздерінің ойларын бір салаға жетілдіру.