Қостанайда «Менің елім – менің туым» акциясы жалғасын тапты

«Менің елім – менің туым» акциясына Қостанайдағы жұмысшы жастар қолдау білдіріп, көк туды желбіретті. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенді жастары ұйымдастырған игі шараға жұмысшы жастар да белсене атсалысты. Бұл бастама жалынды жастарды біріктіріп, бір мақсатқа бағыт-бағдар береді. Ауқымды акция елдік пен бірліктің белгісі, баянды болашақ пен кемелді келешектің сенімі, дейді ұйымдастырушылар.

АРУЖАН САРСЕНБАЕВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҚОФ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы акцияны жыл сайын өткіземіз. Осы жолы автомобиль зауытының жатақханасына іліп отырмыз.Бұл жерде біз әр жыл сайын, әртүрлі адамдарды тартамыз. Мысалы университет студенттері.Осы жолы жұмысшы жастарды тартып отырмыз.

СҰЛТАН БЕКМАҒАМБЕТОВ, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Бұл патриоттық бастама болып табылады.Біздің зауыттарға сонымен қатар жас жеткіншектерге патриоттық рухты көтеруге арналған акция  деп айтамыз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!