"Капитан Байтасов" фильмі көрерменге жол тартты

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2025

Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген «Капитан Байтасов» көркем фильмі  үлкен экранға жол тартады. Фильм шынайы оқиғаға негізделген, яғни 2011 жылы Тараз қаласында болған қайғылы оқиға баяндалады. Өз өмірін құрбан етіп, ондаған адамды аман алып қалған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі бейнеленген. Полицейдің бұл ерлігі батырлықтың, патриотизм мен адалдықтың символына айналды. Туынды  көрерменге адамгершілік пен елге қызмет етудің терең мәнін ұғындырады.  Драма мен экшн жанрындағы көрерменді терең ойға жетелейтін көркем фильмді «Қазақфильм» киностудиясы және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бірлесіп түсірген.

АЙДАР ОМАРОВ, «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазақ мәдениетінде және қазақ кинематографиясында жастар мен қазіргі қоғам үлгі алатын бейнелер болуы керек. Өкінішке қарай, отандық киноөндірісімізде ондай бейнелер өте аз. Ғазиз Байтасов сияқты тұлғалар мен олардың ерліктері фильм арқылы көпке үлгі болмақ. Бұл фильмде Капитан Байтасовтың ерлігі мен терористердің әрекеті қатар  бейнеленген.