Елордадағы бес мектептің аумағына 250 түп ағаш егілді. Бұл шара «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында, Есіл ауданы әкімдігі және «AMANAT» партиясының қолдауымен өтті. Болашақ түлектер партия мүшелерімен бірге 50 түп көшет екті. Акция экологиялық сананы дамыту мен табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған.
САНИРА ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
"Таза Қазақстан" ол тек ағаш отырғызу, ауланы жинау емес. Бүгінгі таңда ол экологиялық мәдениет. Сондықтан, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша, келешек мектепте бздің 11 сынып оқушылары болашақ түлектермен өз мектептерінде із қалтырсын деп, бүгін мектеп оқушыларымен бірлесе отырғызып жатырмыз. Сонымен қатар, өсіп өнуіне де оқушылар үлес қосатын болады.
Қызылорда облысының Қазалы ауданында да «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Шараға партия мүшелерінен бөлек, ардагерлер, қоғам белсенділері мен ерікті жастар да белсене қатысты. Қатысушылар аудан орталығындағы «Жастар саябағын» қоқыстан және күзгі жапырақтардан тазалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар өңірде тұрақты түрде өткізіліп келеді.
МАРАТ АСЫЛОВ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Шарының мақсаты ауланы, көшені, мектепті болсын таза ұстау мәдениетін, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Экологиялық тазалығын қалыптастыру болып есептеледі. Ұрпақтарды айналаны, қоғамды таза ұстауға насихаттау болып есептеледі. Бұл шараға 50-ден астам адам қамтылды.