Атырауда аутизмі бар балалардың ата-аналарына арналған психологиялық тренингтер жиі ұйымдастырылады

Атырауда аутизмі бар балалардың ата-аналарына арналған психологиялық тренингтер жиі ұйымдастыралады. Өйткені ерекше бала денсаулығымен күресте қоғамның барлық өкілдерінің көмегі керек- дейді мамандар.

Аймақта 302 аутистік спектор бұзылысы бар бала тіркелген. Олар 1 оңалту орталығы мен 9 кабинетке барады.   71 ерекше балаға арналған оңалту орталығында  күндізгі, жартылай күндізгі және жеке топтарда қабылдайды. Мұнда ерекше балалар  жылына екі мәрте тегін бағдарламадан өтеді: қарапайым нұсқауларға дағдыланады, өзі отырып тамақ ішуді үйренеді. Қоғамның өзге мүшелерімен бірге өмір сүруге үйретуге барынша тырысамыз,- дейді мамандар.

АНАРГҮЛ ҚҰБЫЛБАЕВА, БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ата-аналарына психологиялық кеңестер беріледі, психологиялық тренингтер  ұйымдастрылуда. Және де ашық есік күрдері ұйымдастырылуда. Ал медициандық  оңалту жөнінде біздің  медицинадық қызметкереріміз  ата-аналарға бөлек отырып,  баламен  қалай жұмыс жасау керектігін  практика жүзінде көрсетеді.