«Медеу» мұз айдынын жаңғырту жұмыстары басталды

Алматыдағы әйгілі «Медеу» спорт кешенінде жаңғырту жұмыстарының дайындық кезеңі басталды. Қала әкімдігінің мәліметінше, құрылыс аймағы жақын күндері толық қоршалып, негізгі жұмыстар басталады. Жоба 2027 жылдың IV тоқсанына дейін жалғасады.

 Жоба аясында:

Кешен аумағында «3D» тұжырымдамасына негізделген интерактивті музей экспозициясы құрылмақ.
Батыс трибунада 900 шаршы метр аумақта кофеханалар мен демалыс аймақтары бар кең терраса пайда болады.
Кешен алдындағы кеңістік — жер асты автотұрағының үстінде орналасатын SUN-DECK демалыс аймағына айналып, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған көпфункционалды қоғамдық кеңістікке айналады.
Бұрынғы машина залының жанынан жылы суы бар 25×15 метр ашық бассейн салынады.
Аумақ толықтай заманауи жарықтандыру және сәулеттік шамдармен безендіріліп, жергілікті климатқа төзімді ағаштар мен бұталар отырғызылады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін екі жолаушы лифті орнатылады.