Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2025 жылдың 9 айының қорытындысын жариялады.
60 қылмыстық іс қозғалды, 24-і аяқталып, 22-сі сотқа жолданды.
Залал көлемі — 1,5 млрд теңге, оның 964 млн теңгесі қайтарылды.
Мүлік арестін ескергенде мемлекетке қайтарылған жалпы сома — 3 млрд теңгеге жуық.
Облыста 8 қаржылық пирамида анықталып, 2000-нан астам адам зардап шеккен.
Күдіктілердің есепшоттарынан 102 млн теңге бұғатталды, 117 мың қорап акцизсіз темекі мен вейптәркіленді.
Сонымен қатар, жалған шот-фактуралар арқылы 8 млрд теңгеден астам салықтан жалтару деректері тіркелген. Кінәлілер 2–4 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Киберқадағалау» жүйесі арқылы 3135 интернет-сілтеме анықталып, 2364-і бұғатталды.