"Президент еңбек адамын қолдау саясатын жалғастырып келеді", - Ерлан Қарин

Мемлекеттік наградалар жүйесіне 9 жаңа құрметті атақ қосылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік парақшасында жазды. Мемлекеттік марапат иелерінің қатарында көпжылдық тәжірибесі бар еңбек майталмандары бар.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек культін ілгерілету, жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды: ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, архитекторлар мен құрылысшылар, кеншілер мен шахтерлер, геологтар, өнеркәсіп, көлік, су және аграрлық сала жұмысшылары үшін.