Алматыда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа норма аясында алғаш рет күдікті қамауға алынды. Бұл өзгеріс дропперлер өздерінің банктік немесе тіркеу деректерін бөгде адамдарға беріп, заңсыз қаржылық операцияларға қатысатын тұлғалар — үшін 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енген еді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жеке кәсіпкер өз атына тіркелген деректер мен QR-кодты белгісіз адамдарға беріп, сол арқылы алаяқтық схемасына қатысқан. Тергеу барысында бұл деректер арқылы заңсыз ақша аударымдары жасалғаны анықталды. Нәтижесінде күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.