Шымкентте Республика күніне орай бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

Ұлттық мереке- Республика күнін елдегі үшінші мегаполис тұрғындары кең көлемде тойлауды бастап кетті. Мереке қарсаңында бүгін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бірқатар азамат жоғары деңгейдегі марапаттармен марапатталды. 

Мерекелік салтанатты іс-шара түс ауа «Қызғалдақ» сарайында аталып өтті. Мұнан соң жиналған көпшілік әнұранымызды қосыла шырқады.

Салтанатты шарада әуелі қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барша тұрғындарды еліміздің рухын асқақтатқан, басты құндылықтарымыз – ынтымақ- бірлігімізді арттырған айшықты мерекемен құттықтады.

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Республика күні әрбір азаматтың туған еліне деген сүйспеншілігін, отан алдындағы жауапкершілігін сезінетін ерекше күн. Егемендік халқымыздың асыл құндылығы және ұлы мұрасы. Осы күні баршаңызды тағы да мейрамдарыңызбен құттықтай отырып, әр отбасыға амандық, саулық, мол бақыт,  бақ-береке тілеймін!

Салтанатты жиында шымқаланың түрленіп, экономикасының өркендеуіне түрлі салада үлес қосып жүрген бірқатар азамат арнайы марапатқа ие болды. Қырықтан астам азамат «Парасат», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалін омырауға тақты.

БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ, «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:

Мемлекеттік қызметте 40 жылдан аса қызмет жасадым. Зейнеткерлікке шығып отырмыз. Бүгін енді қала басшылығы, республика басшыларымыз елеп, “Құрмет” орденімен марапаттап отыр.  Бүгінгі мереке барлық мерекелерден ең бір мәнді де мағыналы деп айтуымызға болады. Себебі ҚР -ның мерекесі. Мемлекетіміздің тұғырын нықтап, береке-бірлікке шақыратын күн деп айтуымызға болады.

Салтанатты шара соңында кеш қонақтары патриоттық бағыттағы көріністерді ташамалап, өнерпаздар көпшілікке ұлттық рухымызды асқақтататын әуендер шеруін тарту етті.