Қарағанды облысында үздік кітапханашылар мен жас ақын, жазушылар марапатталды

Қарағанды облысында  үздік кітапханашылар мен жас ақын, жазушылар марапатталды. Заманауи отандық әдебиетті дамыту мақсатында өткен «Сарыарқа – сәулелі сөз», «Ұлы Дала» әдеби- шығармашылық байқауы «Кітап AMANAT» партиялық жобасының аясында ұйымдастырылған болатын. Оған жас дарынды студенттермен қоса аға буын өкілдері де қатысып өз шығармаларын ұсынған. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сондай- ақ республикалық байқауға жолдама алды.

ЕРАЛЫ ҒАНИ, СТУДЕНТ, ЖАС АҚЫН:

Мен өз өлеңімді жібердім. Бұл өзі өлеңнің тақырыбы да, ұйымдастырылуы да басқа мүшәйрадан ерекше екен. Өйткені бір адамға емес бұл жерде адамзаттықты, ерлікті, ар- намысты, жалпы адами құндылықтарды жырлаймыз. Мен бұл мүшәйраға “Абай мүсінімен сырласу” өлеңін жаздым. Яғни мен үшін не нәрсенің басы да Абайдан басталады.

Салтанатты шараға жас ақын- жазушылармен бірге 2 жүзден астам кітапханашы қатысты. Оларға кітапханашылар күніне орай  “Amanat” партиясының алғысхаттары табысталды. Аймақта жалпы 50 ге тарта кітапхана жұмыс істейді. Мәдени орындардың өз оқырмандары бар. Бүгінде түрлі мәдени шаралар мен шығармашылық кештер осы кітапханаларда өтеді.

ЖАЗИРА КҮЛПЕЙІСОВА, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ КЕЖЕК АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ:

Біздің әрбір өткізіп жатқан ісшарамыз оқырмандарға, оның ішінде жастарға жарқын болашақ көрсетеді деп ойлаймын. Өзімнің әріптестерімді осы төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. 

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

“”Кітап - “Amanat”жобасы 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Яғни бұл ”Кітап- “Amanat” жобасының өңір- өңірде жүруіне, әрбір біздің сайлаушыларымызға жергілікті халыққа жетуіне бірден бір себепші осы біздің кітапханашыларымыз.