2025 жылғы 25 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Astana TV.
"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі мынандай болжам жасады.
"Солтүстік антициклондар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстіктің таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жауын-шашын, онда да негізінен жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман болып, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел тұрады деп күтіледі”, дейді синоптиктер.