Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Балтакөл көшесінде уақытша құрылыстың шатырында және бір бөлмесінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы 60 ш.м. құрады.
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үш газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл — ықтимал жарылыстың алдын алды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.