Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

Фото: Almaty.tv

Алматыда бүгін өтетін «Қайрат» – «Астана» футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.

Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

«Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады», – деді ведомство