Республика күні Қазақстанда 709 бала дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2025
Фото: pixabay

Республика күні, 25 қазанда Қазақстанның перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді.

Бір тәуліктік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 босандыруды жүзеге асырған. 

Жаңа туған нәрестелердің арасында бес жұп егіз бар.